1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Ол осыған дейін Абай және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Қор филиалдарының директоры қызметін атқарған Ғалымжан Әбілов. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының бұйрығымен Ғалымжан Әбілов басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауыстырылды. Қазіргі уақытқа дейін ол Абай облысы бойынша филиалды басқарды.
«Ғалымжан Нұржаубайұлы – білікті маман, 16 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның жеті жылдан астамын басшылық лауазымдарда атқарған. Еңбек жолын хирургтан бастап, ауруханаларда 11 жылдан астам жұмыс істеді. Сондықтан медициналық ұйымдардың мәселелерін жақсы біледі. Жинақталған білім мен тәжірибе сеніп тапсырылған бағыт бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп үміттенеміз. Алдағы жұмыста табыс тілеймін», – деп атап өтті жаңа орынбасарын ұжымға таныстырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов.

Ғалымжан Әбілов Қорда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін Қордың Шығыс Қазақстан облысы бойынша директоры қызметін атқарған.

Қазақ ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі», Қайнар академиясын экономика және бизнес магистрі, Қазақстан медицина институтын «дәрігер-хирург» мамандығы бойынша тәмамдаған.
02.07.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу